Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі
Басшыға жазу
Күні мен уақыты
25 маусым 2019 жыл, сейсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2019 жылдың 01-ші маусым айында Семей қаласында 448  АИТВ-жұқтырған адам  тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші  0,08 %.

Пайдалы сілтеулер

АИТВ/ЖИТС туралы

АИТВ ағзаны әр түрлі жұқпалардан қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйенің бұзылуына әкелетін адамның иммунотапшылығының вирусы.

ЖИТС жұқтырылған иммунотапшылығының синдромы, АИТВ-жұқпасының соңғы сатысы. Вирус адамның иммундық жүйесін бұзуына байланысты ағза жұқпалардың әртүрлі қоздырғыштарымен күресу қабілетін жоғалтады.

Берілу  жолдары:

- АИТВ-жұқтырған адаммен мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түскенде;

- жұқтырылған қан немесе оның өнімдерін құйғанда;

- бірлесіп инелер мен шприцтер пайдаланғанда;

- құралдарды АИТВ-жұқпасы қауіпі бар жағдайларда пайдаланғанда(денені әшекейлеуге, пирсингке, тіс емдеуге арналған залалсындандырылмаған жабдық-құралдар, сондай-ақ қырынуға арналған құралдар);

- анадан балаға (жүктілік, босану және емізу кезінде).

АИТВ берілмейді:

- Қол алысқан кезде;

- Сүйескен, құшақтасқан кезде;

- бірлесіп тамақтанған кезде;

- бірлесіп ыдысты және басқа да тұрмыстық заттарды пайдаланған кезде;

- бірлесіп кітаптар, қаламдар және басқа да күнделікті заттарды пайдаланған кезде;

- жалпы бассейн мен дәретхана пайдаланған кезде;

- масалар және кенелер шаққан кезде;

- жөтелу және түшкіру кезінде.

АИТВ-ті мына жағдайларда анықтауға болады:

Адамның жұқтырылғанын анықтау үшін жалғыз тәсіл ғана - бұл АИТВ-ға қанды талдау.

Оң нәтижелі қорытынды болса - адамда АИТВ-ға қарсы денелер анықталғанын білдіреді. Бұл адам АИТВ-жұқтырылған деп есептелінеді.

Теріс нәтижелі қорытынды болса - АИТВ-ға қарсы денелер анықталмағанын білдіреді. Тест теріс нәтижелі болады, егер:

- адам жұқтырылмаған;

- адам жұқтырылған, бірақ ағзада әле де қарсы денелердің мөлшері жеткіліксіз болып «терезе кезеңі» жағдайында.  

АИТВ-тің алдын алу:

АИТВ-жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түскенде жұқтырудын алдын алу жалғыз тәсілі -бұл мүшеқапты пайдалану.

Есірткі тұтынатын адамдарда АИТВ-тің алдын алу жалғыз тәсілі -бұл құмарлықтан емделу және жеке инелер мен шприцтерді пайдалану. АИТВ оң нәтижелі ата-аналардан туатын болашақ балада АИТВ-жұқпасының алдын алу тәсілі- бұл жүктілік кезінде вирусқа қарсы препараттарды қабылдау, омырау емізуден бас тарту.

Медициналық манипуляциялар жасаған кезде алдын алу жалғыз тәсілі- бұл инъекцияға арналған бір реттік құралдарды пайдалану.