Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
25 сәуiр 2024 жыл, бейсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 1 наурыз айында Семей қаласында 672 ИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Орталық туралы

Тарихы
Бөлімдері, қызметкерлер


Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының құрылған тарихы

Абай облысы ДСБ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК 1989 жылы Семей облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Семей Облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығын   туралы 14.06.1989 жылғы № 1079 Бұйрығы бойынша құрылды. Ресми түрде Семей Облыстық ЖИТС орталығы 20.09.1989 жылы ашылды (бұл уақыт ішінде зертханалық және кеңсе құрал-жабдықтаулар сатып алынды, қызметкерлер штаты қабылданып оқытылды және т.б.). 1996 жылғы 3 мамырда Семей облысы жойылғанына байланысты Семей Облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы Семей қалалық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығына қайта құрылды.

Орталық құрамында келесі құрылымдық бөлімшелер бар:

- АИТВ-індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімі;

- Алдын алу жұмыс бөлімі;

- Емдеу-алдын алу көмек көрсету және диспансерлеу бөлімі;

- Диагностикалық зертхана;

- Жасырын тестілеу және психоәлеуметтік кеңес беру бөлімі;

- Сенім пункті;

- Достық бөлмесі (халықтың осал топтары арасында жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды (ЖЖБЖ) диагностикалау және синдромалды емдеу).

Қызметтің негізгі түрі:

Лицензияға сәйкес Орталықта мынадай медициналық қызметтің түрлері бар:

  1. Диагностика: зертханалық (биохимиялық зерттеулер), адамның иммунотапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы).
  2. Ересектерге және балаларға консультативті-диагностикалық көмек көрсету - жұқпалы аурулар, валеология мамандықтары бойынша.
  3. Ересек тұрғындарға консультативті-диагностикалық көмек көрсету- дерматовенерология мамандығы бойынша.

Қызмет көрсетілетін аймақтар:

Шығыс-Қазақстан облысының Семей өңірінің тұрғындары, оның ішінде Семей қаласы және бұрынғы Жанасемей, Абралы аудандары.

Штатпен толықтырылғаны:

Дәрігерлер  саны- 11, орта медицина қызметкерлер - 13.

Штатпен қамтылғаны - 100%.

Медицина қызметкерлердің біліктілік санаттары

Біліктілік санаттары бар медициналық қызметкерлердің үлесі - 96%.

Дәрігерлер:

Жоғары санатты - 6;

Бірінші санатты - 3;

Екінші санатты - 2;

Жоғары медициналық білімі бар жоғарғы санатты мамандардың үлесі - 100%.

Орта медицина персоналы:

Жоғары санатты - 6;

Бірінші санатты - 3;

Екінші санатты - 3;

Маман сертификаты - 1;

Орта медициналық білімі бар біліктілік санатты мамандардың үлесі - 92,3%.


АО ДСБ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК-ның Ақылжан Шайдоллаұлы Диқанбаев басқарады.

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер. 2013 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеудеге тағылатын белгімен марапатталды.

Тел.: 8 (7222) 52-47-37
E-mail: rc-spid@yandex.kz


Ұйымдастыру әдістемелік бөлімі  8 (7222) 52-21-49

Тукеева Диляра Даулетбековна -  ҰӘБ дәрігері, екінші санатты. Бөлім құрамында: Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері, дәрігер-эпидемиолог, эпидемиолог көмекшісі;

Алдын алу жұмыс бөлімі қызметкерлерінің негізгі міндеті: мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен (білім беру бөлімі, ІІД, ШҚО ҚТЖЖ, МҰ, кәсіпкерлер палатасы, қала ЕААМ, ҮЕҰ және т.б.) ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-әрекет жасау және АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу қызметін үйлестіру бағдарламалар мониторингін жүргізу.

Алдын алу жұмыс міндеттері:

Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне, медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-әрекет алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

- АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша медициналық, ведомстволық, халық аралық және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасау.

 - АИТВ-ЖИТС мәселесі жөніндегі конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып оларға қатысу.

- ҚЖИТСО-ның бұйрықтарын, әдістемелік ұсыныстарын дайындау,  ұйымдастыру және алдын алу жоспарларын әзірлеу.

- Кадрлардың даярлау, қайта даярлау анализін жүргізіп, уақыты келген кезде оқуға жіберу.

- жоғары тұрған ұйымдарға және ведомстволарға АИТВ-жұқпасы мәселесі жөніндегі ақпаратты, анықтамаларды, бұйрықтарды, шешімдерді орындау туралы хаттарды дайындау.

- АИТВ-жұқпасы мәселесі жөнінде ақпарат-білім беру материалдарын және әдістемелік құралдарын (буклеттер, плакаттар, брошюралар, слайдтер, презентациялар, бейнероликтер және т.б.) әзірлеу

- БАҚ – мен жұмыс істеу (телевидение, радио, газеттер).

- Әртүрлі халық топтарына санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу (кең ауқымды акциялар, ток-шоу, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, және т.б.)


АИТВ-жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімі: 8 (7222) 52-21-49

 

Турарова Гульжанар Ныгыметовна – бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер. Бөлім құрамында: екі дәрігер эпидемиолог, екі эпидемиолог көмекшісі, сенім пунктінің медбикесі.

АИТВ-жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің міндеттері;

Бөлім мамандары анықталған жағдайларға тергеу жүргізіп АИТВ-жұқпасына қатынаста болған адамдарды тексерумен қамтамасыз етеді, АИТВ-жұқтырғандарды ғана емес және олардың жақын адамдарын да қауіпсіз міңез-құлыққа үйретеді. Халықтың осал топтары арасындағы қауіпті міңез- құлықты  өзгертуге бағытталған «Зиянды төмендету» алдын алу бағдарламалары өткізіледі: ИЕТ, СҚ, ЕЖҚЕ-ді кеңеспен, оқытумен, АИТВ-берілу қауіпін төмендету жөніндегі ақпаратпен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді, пайдаланған шприцтер мен инелердің алмастыруын жүргізеді. Алдын алу және ақпарат-білім беру бағдарламаларын жүргізу тиімділігін зерттеу мақсатында халықтың әртүрлі топтары арасында социологиялық зерттеулер өткізіледі, соның ішінде АИТВ-жұқпасына шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау. Бөлім құрамында халықтың осал топтарына арналған сенім пункті жұмыс істейді.


Емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімі: 8 (7222) 52-21-49

Нэйля Рымбекқызы Мамырбекова – бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер. Бөлім құрамында: дәрігер-инфекционист, дәрігер-дерматовенеролог, психолог, ПӘК бөлімінің медбикесі, екі қан алу медбике, инфекционист дәрігердің медбикесі, достық бөлмесінің медбикесі, аға медбике.

Емдеу-алдын ала көмек көрсету бөлімінің міндеттері:

- АИТВ/ЖИТСпен науқастанғандарға амбулаторлы-емханалық көмекті  көрсету, АИТВ жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТСпен науқастанғандарды ауруханаға жатқызу және ем жүргізу;

- Пенитенциарлық мекемелеріндегі науқастарды қадағалау, диспансерлеуді  жүргізу;

- АИТВ-жұқтырған және ЖИТСпен науқас балаларды және ересектерді антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету.

- Ересектер мен балаларға АРВ терапия жүргізу мониторингі;

- АИТВ-жұқтырғандарға және олардың  отбасы мүшелеріне медицина-психологиялық көмек көрсету.

- АИТВ-жұқтырған жүкті әйелдерге вирусқа қарсы алдын алу ем шаралар кешенін жүргізу:  жүктілік кезінде, босанғанда және нәрестелерге;

- АИТВ-ға тест дейінгі және кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру

- Тұрғындарды қатынастан кейінгі антиретровирустық алдын алудың  қол жетілімділігімен қамтамасыз ету;

- АИТВ-жұқтырғандар мен ЖИТС науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;

- Медициналық ұйымдарға және медициналық қызметті ведомстволарға диагностика, емдеу, психоәлеуметтік кеңес, қатынастан кейінгі алдын алу шаралар мәселелері бойынша практикалық және консультациялық көмек көрсету.АРВ-терапия ұстаушылығы бойынша қала емдеу мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара қатынаста болу.


Зертхана: 8 (7222) 52-21-49

Гульнар Төлеуғазықызы Садырбаева – зертхана меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер. Зертхана құрамында зертхана меңгерушісі, дәрігер-зертханашы, 2 фельдшер-зертханашы, медтіркеуші, тазартқыш жұмыс істейді;

ЖИТС орталығының зертханасы ИФА әдісімен қан сарысулар арқылы  адамның иммунотапшылығының вирусын анықтайды. Қазақстан Республикасының ДС және ӘДМ-нің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға АИТВ-жұқпасы мәселесі жөніндегі кеңес және тексеріс тегін жүргізіледі.


ЕСЕПШІЛЕР БӨЛІМІ

Ақанов Даурен Кызырханүлы – бас есепші;

Таштаева Меруерт Амангелдіқызы – есепші;

Вакуленко Надежда Анатольевна – экономист;


ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ

Жүсіпова Яна Усамовна – заң кеңесшісі

Тоқашева Әсел Нұрғалиқызы – аудармашы;

Жакупова Айгерим Бектуровна – психолог;