ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Рахметова Раушан Серикжанқызы
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 желтоқсан айына Семей қаласында 706 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2024 жылдың 06 маусымында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру- әдістемелік көмек көрсету мақсатында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасына сапармен шықты. Сапар барысында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті
Ұйымдастыру- әдістемелік бөлімінің дәрігері Тукеева Д.Д. тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Абай ауданындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.
Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Тұрарова Ж.Н. эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты зерттеудің талдауы нітижесімен таныстырды , оның ішінде жүкті әйелдерді акушерлік ұйымдарға қабылдау кезінде тексеру туралы айтты. ЛИС мәліметтер базасымен жұмыс істеу кезіндегі қателіктерге назар аударды.
Диспансеризация және емдеу профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р. АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтыруын алдын-алу, авариялық жағдайлар, контактіден кейінгі алдын-алу шараларымен таныстырды.
Лаборант Н.Мусаипова медицина қызметкерлеріне экспресс-тексеру үшін қан жинау әдісі бойынша мастер-класс өткізді.
Семинар соңында АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.