Сенім телефоны:
8 (7222) 52-21-49
Сенім телефоны:
8 (7222)
52-21-49

АИТВ / ЖИТС — БҮГІН БІЛ,
ЕРТЕҢ ӨЗІҢДІ ҚОРҒА!

Ешқашан кеш емес, ешқашан ерте емес —
Қажет болса, барлық жоспарды өзгертуге болады.

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
28 қазан 2026 жыл, сәрсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

Пайдалы сілтеулер

Жарма аудандық ауруханасы мен «Азат» отбасылық амбулаториясына жұмыс сапары

2026 жылғы 22 қазанда Абай облысының АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығының мамандары АИТВ мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жарма аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК мен «Азат» отбасылық амбулаториясына жұмыс сапарымен барды.

 Жұмыс тобының құрамы: Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі – Ж. Турарова; Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері – Д. Тукеева; емдеу-профилактика бөлімінің дәрігер-инфекционисті Р.Алшинбекова.

Сапар барысында мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар келесі тақырыптар қаралды: «АИТВ-инфекциясы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер; Абай облысындағы эпидемиологиялық ахуал; АИТВ-ға тестілеудің көлемі мен сапасына талдау, ескертулер мен ұсыныстар; АИТВ инфекциясының жіктелуі; Денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ-ға зертханалық талдаудың преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне АИТВ-тің алдын алу мен диагностикасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.