АИТВ / ЖИТС — БҮГІН БІЛ,
ЕРТЕҢ ӨЗІҢДІ ҚОРҒА!
Ешқашан кеш емес, ешқашан ерте емес —
Қажет болса, барлық жоспарды өзгертуге болады.
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.
.jpeg)
2026 жылғы 20 қазанда Абай облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығының мамандары Қан орталығының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Спикерлер: Потехинская А.В. — эпидемиолог дәрігер; Алшинбекова Р.Б. — инфекционист дәрігер.
Семинар барысында АИТВ жұқпасының алдын алу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.