ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
2025 жылдың 10 желтоқсанында облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері А.С. Дюсембаева және "Жас-Асыл" жастар денсаулық орталығының психологы бірлесіп Семей жоғары көпсалалы колледжі студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған және тақырыбы «АИТВ-инфекциясы және алдын алу шаралары».
Іс-шара барысында психолог репродуктивті денсаулық түсінігімен, жастар денсаулық орталықтарының негізгі жұмыстарымен таныстырды.
Эпидемиолог дәрігер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдарын, алдын алу шараларымен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясы бойынша ҚР және Абай облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Студенттер жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты, қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққұнды жауап алды.
.jpeg)