Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
13 желтоқсан 2025 жыл, сенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.

Пайдалы сілтеулер

Абай облысының жас дәрігерлерге арналған форум

Дүниежүзілік АИТВ-мен күресу күні акциясы аясында Семей медицина университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»  тақырыбында форум өтті. Форуды Облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығы мен Семей қаласының медицина университеті ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандарды даярлау сапасын арттыру және оларды ұлттық ұсыныстар мен халықаралық хаттамаларға сәйкес АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша заманауи біліммен қамтамасыз ету.

Форумға түрлі мамандықтағы 280-ден астам резидент пен интерн қатысты. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, Семей медициналық университетінің инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессорлары, облыстың бас пульмонологы, стоматологиялық пәндер және жақ-бет сүйек хирургия кафедрасының, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушілері өзекті баяндамалар жасады.

Іс-шара АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы жас дәрігерлердің кәсіби даярлығын арттыру және өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды.