ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
2025 жылдың 5 желтоқсанында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампания аясында Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Д.Тукеева Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы үшін дәріс оқыды.
Тақырыбы: «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Әскери қызметкерлер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу».
Д.Тукеева Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, АИТВ/ЖИТС ұғымдарына тоқталды, Қазақстан Республикасы, Абай ауданындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алғашқы клиникалық көріністері туралы айтты.
Дәріс соңында маман АИТВ инфекциясын жұқтырудың негізгі алдын алу шараларын түсіндірді.
