Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
17 қазан 2026 жыл, сенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

Пайдалы сілтеулер

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ЖАСТАР НАЗАРЫНДА

Жастардың құқықтық сауаты мен жауапкершілігі — қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның маңызды негіздерінің бірі. Осы бағытта Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК-да «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ девиантты мінез-құлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық, Полиция департаменті, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және «СОЦKZ» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Ашық форматтағы кездесуде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық қауіпсіздік, жауапкершілік және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпарат алды. Басты мақсат — жастардың заңды құрметтейтін, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын және қоғам өміріне белсенді араласатын азамат болып қалыптасуына ықпал ету.