ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

24–25 қыркүйек күндері Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мамандарының мониторингтік сапары өтті.
Екі күн бойы әріптестер Орталық мамандарымен бірге АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсетудің маңызды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ем жүргізу, диспансерлік бақылау, дәрілік қамтамасыз ету, ДКП-мен қамту және МСАК ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар мамандар Семей қаласының медициналық ұйымдарына барып, пациенттерді бағыттау, қатар жүретін ауруларды диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігі, сондай-ақ клиникалық көрсетілімдер бойынша АИТВ-ға тестілеу тиімділігі мәселелерін қарастырды.
Сапар қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.