ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.
2026 жылғы 09 қыркүйекте Абай облысы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ақсуат аудандық ауруханасына» ШЖҚ КМК-не жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс тобының құрамы: емдеу-профилактика бөлімінің меңгерушісі – Н. Мамырбекова, зертхана меңгерушісі – Р. Рахметова, эпидемиолог дәрігер – А.Касымова.
Сапар барысында мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар келесі тақырыптар қаралды: «АИТВ-инфекциясы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер; Абай облысындағы эпидемиологиялық ахуал; АИТВ-ға тестілеудің көлемі мен сапасына талдау, ескертулер мен ұсыныстар; АИТВ инфекциясының жіктелуі; Денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ-ға зертханалық талдаудың преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне АИТВ-тің алдын алу мен диагностикасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.
.jpeg)