Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
9 қыркүйек 2026 жыл, сәрсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

Пайдалы сілтеулер

Ақсуат колледжінің студенттерімен кездесу

2026 жылғы 8 қыркүйекте «Ақсуат колледжі» КММ-де «СОЦKZ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, студенттердің денсаулықты сақтау және қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты маңызды мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті.

Абай облысы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-профилактика бөлімінің меңгерушісі Н.Мамырбекова АИТВ-инфекциясы, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары мәселелерін қозғады. Ол студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, қауіпсіз мінез-құлықтың және медициналық көмек пен мамандардың кеңесіне уақтылы жүгінудің маңыздылығын еске салды.

Кездесу барысында жастар арасында есірткі заттарын тұтынудың алдын алуға, сондай-ақ жастардың денсаулығына, оқуына, жеке өміріне және болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерге де ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар жастардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және оларды өмірлік қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бағыттайды.