ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 мамыр айына Абай облысы бойынша 730 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
Семей қаласында студенттерге арналған бірлескен профилактикалық іс-шара өтті.
Спикерлер ретінде Абай облыстық полиция департаментінің, наркологиялық қызметтің, облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, «СоцKZ» қоғамдық қорының және жастар денсаулық орталығының өкілдері қатысты. Кездесу «Индустриалды-технологиялық колледж» КММ базасында өтті, кездесуге 40-тан астам адам қатысты.
Кездесу аясында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті: қазіргі тандағы наркологиялық ахуалмен, алаяқтардың әрекет ету әдістері туралы өзекті мәліметтермен таныстырды, сонымен қатар Жастар орталықтарының мамандары құмар ойындарға тәуелділік пен тәуелділікпен байланысты басқа да қауіптерді талқылады
АИТВ-ның алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Әсел Дюсембаева АИТВ инфекция түсінігі мен таралу жолдарымен, алдын алу шараларымен таныстырды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, мамандардан білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды, бұл кездесу тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар студенттер үшін барынша пайдалы болды.