Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
14 қазан 2025 жыл, сейсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 мамыр айына Абай облысы бойынша 730 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.

Пайдалы сілтеулер

Жезкент ауылының БМСК орталығына жұмыс сапары

2025 жылдың 7 қазанында Абай облысы ДСБ Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жезкент а. БМСК орталығына»  жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс тобының құрамы: эпид.бөлімінің эпидемиологы А.Касымова, ҰӘБ эпидемиологы А.Дюсембаева.

Сапардың негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

АИТВ ОО мамандары Жезкент а. БМСКО АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеру және АИТВ алдын алу іс-шаралары мәселелері бойынша қызметімен танысты.

Сапар барысында мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар тақырыбы «АИТВ-инфекциясы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер; Абай облысындағы 9 ай бойынша эпидемиологиялық ахуал. Скринингтын көлеміне және сапасына анализ. Клиникалық көрсеткіштер бойынша пациенттерді зерттеу бойынша ескертулер. Жүкті әйелдерді және серіктестерін зерттеу. Денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ-ға зертханалық талдаудың преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне АИТВ-тің алдын алу мен диагностикасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.