Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
3 қазан 2025 жыл, жұма
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 мамыр айына Абай облысы бойынша 730 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.

Пайдалы сілтеулер

Қараауылға іс-сапар

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Абай облысының полиция Департаменті, экономикалық тергеу және нашақорлық қызметі, Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы және СОЦKZ қоғамдық қорының өкілдері бірлесіп, Қараауыл ауылында халыққа арналған іс-шара өткізді.

Іс шара Абай ауданы ББМ қарасты «Абай колледжі» КММ өтіп, шараға 120-дан астам адам қатысты.

Жиын барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, өңірдегі АИТВ-инфекциясы мен нашақорлық ахуалы бойынша ағымдағы статистикалық мәліметтермен таныстырып, жастарды лудомания және тәуелді мінез-құлықпен байланысты басқа да қауіптер туралы ақпараттандырды.

Облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері А.Қ. Қасымова АИТВ-инфекциясының диагностикасы және алдын алу бойынша дәріс оқыды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар сұрақтар қойып, сарапшылардың жауаптарын алды.