Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
17 сәуiр 2026 жыл, жұма
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

Пайдалы сілтеулер

Семей қаласындағы Н.Г. Чернышевский атындағы №1 орта мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу өтті.

Семей қаласындағы Н.Г. Чернышевский атындағы №1 орта мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шара барысында оқушылармен денсаулықты сақтау, қауіпсіздік және жауапты мінез-құлыққа қатысты маңызды тақырыптар талқыланды.

Мамандар жасөспірімдерге есірткі заттарының зияны, «жеңіл табыс» түрінде ұсынылатын заңсыз әрекеттерге тартылу қаупі, сондай-ақ оның құқықтық салдары туралы түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, профилактиканың және саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Кездесуге Семей қаласының наркологиялық қызметінің және Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қатысты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.