ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 мамыр айына Абай облысы бойынша 730 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
2025 жылдың 19 маусымында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша облыстық орталығының мамандары «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК семинарлар өткізді.
Спикер болып емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р., эпидемиологиялық қадағалау бөлімнің меңгерушісі Турарова Ж.Н., эпидемиолог дәрігер А.С. Дюсембаева.
Эпидемиолог А.С. Дюсембаева медициналық қызметкерлерді АИТВ-инфекциясы саласындағы ағымдағы бұйрықтармен таныстырды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне назар аударды. Преаналитикалық кезеңін, АИТВға қарсы қызмет көрсету зертханаларына биоматериал жинау кезіндегі негізгі қателермен таныстырды.
Емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р апаттық жағдай моделдерімен, контактан кейінгі алдын-алу шараларымен таныстырды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімнің меңгерушісі Турарова Ж.Н. эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты зерттеудің талдауы нәтижесімен таныстырды . ЛИС мәліметтер базасымен жұмыс істеу кезіндегі қателіктерге назар аударды.
Семинар барысында медицина қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Семинар соңында АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.