Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
13 маусым 2025 жыл, жұма
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 30 сәуір айына Абай облысы бойынша 721 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.

Пайдалы сілтеулер

Абай облысының медицина қызметкерлеріне арналған облыстық семинар

2025 жылғы 23 мамырда Абай облысының Семей қаласында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Абай Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы (АИТВ ОО) ұйымдастырды.

Семинар тақырыбы: АИТВ инфекциясымен (АИТВ-мен өмір сүретін адамдар – АӨА) және «С» вирусты гепатитімен ауыратын адамдарды диспансерлеу және емдеу мәселелері.

Модератор: Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Асылхан Адилжанов.

Спикерлер:

  • АИТВ орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Жанар Турарова;
  • АИТВ орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Нэйля Мамырбекова;
  • Облыстың бас штаттан тыс гепатолог дәрігері Дина Кусаинова;
  • Облыстың бас штаттан тыс инфекционист Имдат Эфендиев;
  • Облыстық фтизиопульмонология және инфекциялық аурулар орталығының инфекционист дәрігері Марина Кузнецова.

Семинарға облыстың бас дәрігерлерінің орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері мен эпидемиологтар қатысты.

Семинар барысында АИТВ + С вирусты гепатитімен қатар жүретін инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай, АӨА-ны Абай облысының гепатоорталығына жолдаудың тәртібі, сондай-ақ АӨА-ға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері талқыланды.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының бас дәрігер орынбасарлары коинфекция және С вирусты гепатиті бар пациенттерді диспансерлеу мен емдеу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында медицина қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, баяндамашылардан толыққанды жауаптар алды. Бұл олардың осы саладағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге ықпал етті.