ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

4 наурызда Абай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Саимова А.Ж.-ның төрағалығымен ҚАЖ мекемелеріндегі медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Кеңеске Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Адилжанов А.Б., Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Конеббаев Т.С., департаменттің жауапты мамандары, Абай облысының прокуроры Кездыкбай А.К., сондай-ақ Семей қаласының №9 емханасының бас дәрігері Альменева Н.С. және Жарма аудандық ауруханасының бас дәрігері Исабеков Е.М. қатысты.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын тұлғаларға медициналық көмек көрсетуге қатысты проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары мен профилактикалық жұмысты жетілдіру шаралары айқындалды.
АИТВ-жұқпасының алдын алуды күшейту және оның ҚАЖ мекемелерінде таралу тәуекелдерін төмендету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.