ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 28 ақпан айына Абай облысы бойынша 712 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2025 жылдың 7-11 сәуірінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша облыстық орталығының мамандары «Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК және «Мақаншы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК семинарлар өткізді.
Спикер болып емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р., зертхана меңгерушісі Рахметова Р.С. эпидемиолог А.С. Дюсембаева.
Эпидемиолог А.С. Дюсембаева медициналық қызметкерлерді АИТВ-инфекциясы саласындағы ағымдағы бұйрықтармен, 2024 жылғы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштеріне қатысты негізгі проблемалық мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне назар аударды.
Емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р апаттық жағдай моделдерімен, еонтактан кейінгі алдын-алу шараларымен таныстырды.
Зертхана меңгерушісі Рахметова Р.С. алдын ала талдау кезеңін, АИТВға қарсы қызмет көрсету зертханаларына биоматериал жинау кезіндегі негізгі қателермен таныстырды. Экспресс-тестілеуді өткізу техникасын көрсетті.
Семинар барысында медицина қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Семинар соңында АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.