ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

2026 жылғы 3 наурызда Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының мамандары жұмыс сапарымен «Семей қаласының №4 ем ханасы» ШЖҚ КМК-на барып, медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Бегалина А.М. мен дәрігер-эпидемиолог Потехинская А.В. құрамындағы жұмыс тобы медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: АИТВ-жұқпасы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер, Абай облысындағы АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай, медициналық ұйымдарда АИТВ-ға зертханалық зерттеудің преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ стигма мен кемсітушілік мәселелері.
Сарапшы-дәрігер Амерханова Г.Д. тарапынан №4 емхана мамандарының 2025 жылы халық арасында АИТВ-ның алдын алу және тестілеу бойынша жүргізген іс-шараларына талдау жасалып, 2026 жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне АИТВ-жұқпасының алдын алу және диагностикасы саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.