ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Рахметова Раушан Серикжанқызы
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 желтоқсан айына Семей қаласында 706 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2025 жылдың 19 ақпанында облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А.Дюсембаева «Семей қаласының №10 бастапты медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинардың негізгі тақырыбы АИТВ-инфекциясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, АИТВ-инфекциясын ерте анықтау және емдеудің маңызды аспектісі болып табылатын эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша зерттеулер болды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалау және кемсіту мәселелеріне ерекше назар аударылды. А.Дюсембаева стигма АИТВ тиімді емдеу және алдын алу үшін айтарлықтай кедергі болып табылатынын атап өтті.
Семинарға қатысушылар пациенттер арасында қолдау мен түсіністік қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін белсенді әрекет етуге шақырылды.