ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Рахметова Раушан Серикжанқызы
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 желтоқсан айына Семей қаласында 706 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2025 жылдың 13 ақпанында «Геодезия, картография және құрылыс жоғарғы колледжі» студенттеріне арналған «Тәуелділіктер. Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында біріккен дәріс өткізілді .
Спикерлер:
- Нэйля Мамырбекова облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-профилактикалық бөлімінің меігерушісі;
-Асель Дюсембаева облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-эпидемиологы;
- Алма Токенова №6 емхананың салауатты өмір салты дәрігері;
- Ольга Лебедева облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызмет бөлімінің дәрігер-наркологы.
Мамандар А.Токенова мен О.Лебедева студенттерді тәуелділіктердің негізгі түрлерімен, жас ағзаның денсаулығына қалай әсер ететіндігімен және салауатты өмір салтының негізгі ережелерімен таныстырды.
Маман А.Дюсембаева АИТВ ұғымымен, негізгі таралу жолдарымен, алдын алу шараларымен таныстырды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Абай ауданындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Н.Мамырбекова есірткінің таралуына қарсы күрестің негізгі әдістеріне тоқталды.
Оқушыларға слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.