Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Рахметова Раушан Серикжанқызы
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
22 ақпан 2025 жыл, сенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 желтоқсан айына Семей қаласында 706 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.

Пайдалы сілтеулер

«Облыстық қан орталығындағы» семинар

2025 жылдың 05 ақпанында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Облыстық қан орталығында» медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы бойынша негізгі ережелер. Гамотрансмиссивты инфекциялардың алдын алу шаралары – АИТВ-инфекциясы. АИТВ-ға қарсы стигма және кемсіту мәселелері. АИТВ-инфекциясының клиникалық көрінісі».

            Дәрігер-эпидемиолог Дюсембаева А.С. тыңдаушыларды Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Абай ауданындағы АИТВ-инфекциясының 2024 жылының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды, сонымен қатар, Республика бойынша донорлар арасында эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. АИТВ-ға қарсы стигма және кемсіту мәселелеріне тоқталып кетті.

Емдеу-профилактикалық бөлімшенің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р. тындаушыларды кезеңдері бойынша АИТВ-инфекциясының клиникалық көріністерімен таныстырды.

            Семинар барысында медициналық қызметкерлер АИТВ-инфекциясы бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Семинар соңында АИТВ инфекциясының гематрансфузиялық берілу жолдарын алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.