ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 қазан айына Семей қаласында 697АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
2024 жылдың 11 желтоқсанында «Семей» медицина колледжінде колледжінің студенттеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде «Студенттер арасында АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Спикерлер: Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының мамандары- дәрігер –эпидемиолог А. Дюсембаева , ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Д.Тукеева, «СОЦkz» қоғамдық қорының басшысы А.Кадыргалиев, наркологиялық қызмет бөлімінің нарколог-дәрігері А.Рақымханова.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, қауіп факторлары мен АИТВ-инфекциясының алдын алу әдістері туралы, сонымен қатар АИТВ-инфекциясына жүйелі түрде тестілеу және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Наркологиялық қызмет бөлімінің нарколог-дәрігері нашақорлық, есірткі түрлері, нашақорлықтың салдары туралы айтып берді. Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алудың негізгі шараларына тоқталды.
Дәріс ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмаса алды.