ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 қазан айына Семей қаласында 697АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
2024 жылдың 10 желтоқсанында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Д.Тукеева «Жан-Ер» ЖШС медициналық орталығының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы. Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру. ЛИС бағдарламасы бойынша науқастарды дұрыс кодтау. Медицина қызметкерлер арасында кәсіптік АИТВ инфекциясының алдын алу. АИТВ-ға қарсы стигма және кемсіту».
Іс-шаралар барысында АИТВ-инфекциясы бойынша негізгі ережелер және зертханалық ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша науқастарды дұрыс кодтау түсіндірілді. Медициналық мекемелерде мамандар арасында кәсіптік инфекциялардың алдын алуға, оның ішінде заманауи тәсілдерді енгізуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылды.
Талқылау нәтижесінде профилактикалық іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ стигматизация мен кемсітушілік деңгейін төмендетуге бағытталған алдағы жұмыс бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.