Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
21 қараша 2024 жыл, бейсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 мамыр айына Семей қаласында 683 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Баспасөз хабарландыру

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әртүрлі ұранмен аталып өтеді. 2024 жылға арналған тақырып: «Дұрыс жолды – адам құқығы жолын таңда!» Әрбір адамның құқығы қорғалса, әлем ЖИТС-ті жеңе алады. Адам құқықтарын жоғары қою арқылы біз 2030 жылға қарай СПИД-ті қоғамдық денсаулығына қауіп төндіретін ауру ретінде жоя аламыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының АҚТҚ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасының жаһандық стратегиясы СПИД індетін тоқтату 95-95-95 болып табылады

2030 жылға арналған мақсаттар мен міндеттемелер – АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың 95%-ы өзінің АИТВ статусын біледі; АИТВ статусын білетін адамдардың 95% антиретровирустық ем алады; және емделіп жатқан адамдардың 95%-ы вирусты суппресияға қол жеткізу.

Қазіргі уақытта Абай ауданында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 77% өз мәртебесін біледі, онын ішінде 97%  антиретровирустық терапия қабылдауда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 84 % вирустық супрессияға қол жеткізді.

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының зертхана меңгерушісі Раушан Рахметова былай деп атап өтті: «Уақтылы тестілеу АИТВ-инфекциясын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеуді ерте, тиімді кезінде бастауға мүмкіндік береді. Біз АИТВ антиденелерін сынауды MAGLUMIX3 автоматты иммунды-химилюминесцентті анализаторында  имунноферментті талдау (ИФТ) және хемилюминесценттік иммундық талдау (ИХЛА екі әдісті пайдалана отырып жүргіземіз ».

2024 жылдың 20- қарашасы мен 1- желтоқсан арлығында Денсаулық сақтау және білім беру мекемелері, облыстық АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығымен АИТВ-ның алдын алу шаралары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланады. Үкіметтік емес ұйымдардың, жастардың, халықтың негізгі топтарының қатысуымен ауқымды акциялар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған. 2024 жылдың 21 қарашасында Абай ауданының баспасөз орталығында денсаулық сақтау басқармасының өкілі және Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы мамандарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында және Абай ауданындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықты АИТВ-инфекциясына ерікті тексеруден өткізу үшін Ашық есік күні жоспарлануда.

ЖИТС-ты жою жолы – құқықтар жолы. Гендерлік теңдік ЖИТС-ке қарсы адам құқықтарына негізделген көзқарастың құрамдас бөлігі болып табылады. Әр адамды қабылдау, құрметтеу және қамқорлық ету өте маңызды. Әрбір адамның құқықтарын сақтау – АИТВ-ға тиімді әрекет етудің негізі. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - бұл әр адамның құқығын қорғау арқылы әр адамның денсаулығын қорғауға шақыру.