ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 қазан айына Семей қаласында 697АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
2024 жылдың 21 тамыз күні Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог-маманы А.Дюсембаева әдістемелік көмек көрсету мақсатында «№9 емханасынын 2 бөлімшесінде» медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Ұйымдастыру- әдістемелік бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Асель Дюсембаева медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының анықтамасымен, эпидемиологиясымен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Абай ауданындағы АИТВ-инфекциясы бойынша 7 айлық эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тексеруге негіз болатын клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерге ерекше назар аударды.
Тындаушыларды с тигма және дескриминация ұғымдарымен таныстырды, емханаларда бүл жағдайларға жол бермеу мәселелерін қарастырды.
Семинар медицина қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді түрде талқылап, сұрақтар қойды.