ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 қазан айына Семей қаласында 697АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
Ағымдағы жылдың 15 тамызында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына Семей қаласының медициналық университетінің шетелдік студенттері келді. Италия, Польша, Румыния және Словения сияқты елдердің студенттері SCORA X-change алмасу бағдарламасы бойынша келген. 2024 жылы жұмыс істей бастаған бұл жаңа бағдарлама әртүрлі елдердегі жыныстық және репродуктивті денсаулық, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.
Орталық мамандары Асель Дюсембаева студенттерді республикадағы және Абай облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, ал зертхана меңгерушісі Раушан Рахметова АИТВ-инфекциясын анықтауда қолданылатын зерттеу әдістерімен таныстырды. Емдеу-профилактика бөлімінің меңгерушісі Нэйля Мамырбекова шетелдік студенттердің ВИЧ-инфекциясы оң статусы бар адамдарды емдеу, жақындары алдындағы жауапкершілік, медицина қызметкерлерінің АИТВ жұқтыру жағдайлары туралы сұрақтарына жауап берді.
Кездесу нәтижелі өтті, медицина студенттері АИТВ инфекциясының эпидемиологиясы бойынша қосымша білім алды.