Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
18 қазан 2024 жыл, жұма
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 мамыр айына Семей қаласында 683 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Іс-сапар семинары

2024 жылдың 24 шілде күні Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру- әдістемелік көмек көрсету мақсатында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Жарма аудандық ауруханасына» іс-сапармен  шықты. Сапар барысында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

            Ұйымдастыру- әдістемелік бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Асель Дюсембаева тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілермен,  Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Абай ауданындағы АИТВ-инфекциясы бойынша бірінші жарты жылдық эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.

            Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Жанар Тұрарова эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты зерттеудің талдауы нітижесімен таныстырды, оның ішінде жүкті әйелдерді акушерлік ұйымдарға қабылдау кезінде тексеру туралы айтты. ЛИС мәліметтер базасымен жұмыс істеу кезіндегі қателіктерге назар аударды.

Диспансеризация және емдеу профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Найля Мамырбекова АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтыруын алдын-алу, авариялық жағдайлар, контактіден кейінгі алдын-алу шараларымен таныстырды.

Семинар медицина қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді түрде талқылап, сұрақтар қойды. Семинар соңында АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.