ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 28 ақпан айына Абай облысы бойынша 712 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
Қазақстанда 2024 жылғы 24 маусым мен 30 маусым аралығында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған апталық басталды.
Репродуктивті денсаулық апталығын өткізу халықтың репродуктивті денсаулығының проблемалық мәселелеріне қоғамның назарын аударуға, жасөспірімдер мен жастардың контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және жатыр мойны обырының алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ қажетті медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға көмектеседі.
Репродуктивті денсаулық–бұл балалық және жасөспірім кезіндегі өмір сапасының көрінісі. Репродуктивті мінез-құлық репродуктивті денсаулықтың сапасын анықтайтыны белгілі. Репродуктивті мінез-құлыққа репродуктивті ұстаным (қашан және қанша балалы болу керек), жыныстық және контрацептивті мінез-құлық жатады.
Қолданыстағы жыныстық білім беру бағдарламалары қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тұлғааралық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл үшін қажетті мінез-құлық дағдыларын игеру-басты міндет. Егер Жастар салауатты мінез-құлық режиміне қажеттілік ретінде оң көзқарасымен қараса, олардың қарым-қатынасы мүмкіндігінше қауіпсіз болады.
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Репродуктивті денсаулық апталығы аясында күн сайын 8-30-дан 16-30-ға дейін, жастарды АИТВ-ға тестілеу, профилактика және төтенше жағдайларда алдын ала терапия бойынша достық бөлмесінде және профилактикалық кабинетте қабылданады.