Сенім телефоны:
8 (7222) 52-21-49
Сенім телефоны:
8 (7222)
52-21-49

АИТВ / ЖИТС — БҮГІН БІЛ,
ЕРТЕҢ ӨЗІҢДІ ҚОРҒА!

Ешқашан кеш емес, ешқашан ерте емес —
Қажет болса, барлық жоспарды өзгертуге болады.

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
29 қазан 2026 жыл, бейсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

Пайдалы сілтеулер

Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу

Абай облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығының мамандары жастар арасында ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде өткен «Заң мен тәртіп» диалог алаңы аясында АИТВ жұқпасының алдын алу және жастардың денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Орталық мамандары студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары, заманауи алдын алу әдістері, уақытылы тестілеудің маңызы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы ақпарат берді.

Ашық диалог барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, АИТВ жұқпасы туралы сенімді әрі нақты ақпарат алды.

Іс-шараға сондай-ақ Полиция департаментінің, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және «СОЦKZ» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Осындай кездесулер жастардың ақпараттану деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және АИТВ жұқпасымен байланысты қауіп-қатерлерді төмендетуге ықпал етеді.