АИТВ / ЖИТС — БҮГІН БІЛ,
ЕРТЕҢ ӨЗІҢДІ ҚОРҒА!
Ешқашан кеш емес, ешқашан ерте емес —
Қажет болса, барлық жоспарды өзгертуге болады.
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

Жастардың құқықтық сауаты мен жауапкершілігі — қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның ең мықты іргетасы.
Жуырда Ж. Шайжүнісов атындағы колледж студенттерімен осы тақырып төңірегінде мазмұнды кездесу өтіп, өте пайдалы диалог алаңы құрылды.
Жиында жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, заң талаптарын сақтаудың маңызы, саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ девиантты мінез-құлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Студенттерге көкейде жүрген сауалдарына тұщымды жауап беру үшін бірнеше мекеме мен ұйым өкілдері бас қосты:
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы;
Полиция департаменті;
Семей қаласы бойынша наркологиялық қызмет бөлімі;
«СОЦKZ» қоғамдық қоры.
Кездесу еркін форматта өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Олар құқықтық қауіпсіздік, жеке жауапкершілік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы қажетті ақпараттар алды.
Басты мақсатымыз — жастардың заңды құрметтейтін, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын және қоғам өміріне белсенді атсалысатын саналы тұлға болып өсуіне қолдау көрсету.