ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.
Осы бағытта 14 қазанда Абай облысы Білім басқармасының «Политехникалық колледжі» КМҚК-да жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Кездесу барысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңнама талаптарын сақтау, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтың және АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың, «Жас Өмір» және «Жас Асыл» жастар денсаулық орталықтарының, Семей қаласының Наркологиялық қызмет бөлімінің мамандары және «СОЦKZ» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Кездесу ашық форматта өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық қауіпсіздік, жауапкершілік және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпарат алды
