ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.

7–8 қазанда Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының мамандары № 5511 әскери бөлімінде профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара аясында әскери қызметшілерге «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында оқыту дәрісі ұйымдастырылды. Қатысушыларға АИТВ-ның негізгі берілу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ АИТВ-инфекциясына тексерілгісі келетін барлық әскери қызметшілерден ерікті түрде қан үлгілері алынды.
Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілердің АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.