ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
Абай облысында жастардың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға және тұрақты тестілеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды науқан жалғасуда. Оны іске асыруға «Қайнар» жоғары колледжінің студенттері белсенді қатысуда.
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері А. Дюсембаева және "Салауат" жастар денсаулық орталығының маманы А.Жадыкова студенттерге дәріс оқыды.
А. Дюсембаева АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерімен, вирустың берілу жолдарымен және жастардың өмір салтына байланысты нақты тәуекелдермен таныстырды. Үнемі тестілеудің маңыздылығына және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты, саналы қарау қажеттігіне ерекше назар аударылды. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және нақты ақпарат алды.
А.Жадыкова наркологиялық тәуелділікпен және оның салдарымен тансытырды.
Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды. Мұндай іс-шаралар жастарға денсаулыққа, жауапкершілікке және белсенді өмірлік ұстанымға саналы түрде таңдау жасауға көмектеседі.
