ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
2025 жылғы 01 желтоқсанда Д.Қаламтаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған студенттер үшін ішкі колледждік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - жастардың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, АИТВ туралы аңыздар мен стереотиптерді жою, сондай-ақ тұрақты тестілеу мәдениетін қалыптастыру.
Конференцияға орталық маманы А.Дюсембаева қатысып, студенттерді АИТВ инфекциясы ұғымымен, алдын алу шараларымен және ҚР мен Абай облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
3-курстың барлық факультеттерінің студенттері арасында АИТВ инфекциясы тақырыбында үздік бейнеролик байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары кубоктар мен сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, студенттер үшін АИТВ инфекциясы бойынша викторина өткізілді.
Студенттер жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
