ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 қазан айына Абай облысы бойынша 750 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
Дәстүрлі түрде 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Абай облысында Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында іс-шара өтті.
Үш қалалық ІІБ қызметкерлеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісте АИТВ ұғымы және оның таралу жолдары, Қазақстан Республикасындағы және облыстағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, және алдын алу шаралары қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - полиция қызметкерлерінің назарын АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына аудару, АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары, инфекцияны дер кезінде диагностикалау әдістері туралы ақпарат беру болды.
Полиция қызметкерлері халықтың негізгі топтарымен де жұмыс істейтіндіктен, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіру халықтың, әсіресе жастардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
.jpeg)