ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 шілде айына Семей қаласында 784 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,18 %.
2026 жылғы 07 қыркүйекте Абай облысы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Көкпекті аудандық ауруханасына» ШЖҚ КМК жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс тобының құрамы: емдеу-профилактика бөлімінің меңгерушісі – Н. Мамырбекова, зертхана меңгерушісі – Р. Рахметова, эпидемиолог дәрігер – А.Касымова.
Іссапар барысында мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар тақырыптары төмендегідей болды:
«АИТВ-инфекциясы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер. Абай облысындағы эпидемиологиялық ахуал. АИТВ-ға тестілеудің көлемі мен сапасына талдау, ескертулер мен ұсыныстар. АИТВ инфекциясының жіктелуі. Денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ-ға зертханалық талдаудың преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету».
Іссапар қорытындысы бойынша алдағы жұмысқа қатысты ұсынымдар берілді.
.jpeg)