ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 31 мамыр айына Абай облысы бойынша 730 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,17 %.
2025 жылдың 23 қыркүйегінде Абай облысы Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жарма аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК және «Азат» мекемесіне жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс тобының құрамы: емдеу-профилактика бөлімінің меңгерушісі – Н. Мамырбекова, эпид.бөлімінің меңгерушісі Ж.Турарова, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері – Д.Тукеева
Сапар барысында мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар келесі тақырыптар қаралды:
- АИТВ-инфекциясы саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер; Абай облысындағы 8 ай бойынша эпидемиологиялық ахуал; АИТВ инфекциясының жіктелуі. Скринингтын көлемі және сапасына анализ. Клиникалық көрсеткіштер бойынша пациенттерді зерттеу бойынша ескертулер. Жүкті әйелдерді және серіктестерін зерттеу. Денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ-ға зертханалық талдаудың преаналитикалық кезеңінің сапасын қамтамасыз ету.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне АИТВ-тің алдын алу мен диагностикасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.