ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 наурыз айына Семей қаласында 774 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

16 сәуірде Семей қаласындағы №27 жалпы орта білім беретін мектепте АИТВ-жұқпасының және нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті.
Орталықтың АИТВ бойынша мамандары «СоцKZ» ҮЕҰ-мен бірлесіп, оқушылармен денсаулықты сақтау, жауапты мінез-құлық және қауіп-қатерлі әдеттердің алдын алу мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары, психоактивті заттарды қолданудың зияны және әр адамның өміріндегі саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің ақпараттану деңгейін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.