ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
.jpeg)
10 сәуірде Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мониторингтік тобы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Бородулиха аудандық ауруханасына барды.
Жұмыс тобының құрамында емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р., эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Турарова Ж.Н., дәрігер-эпидемиолог Потехинская А.В. болды.
Сапар барысында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар аясында АИТВ-жұқпасының алдын алу, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру, авариялық жағдайлар, қатынастан кейінгі профилактика, преаналитика, сондай-ақ жұмыстың өзге де маңызды бағыттары қарастырылды.
Сонымен қатар, мамандар медициналық ұйымның АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша қызметіне мониторинг жүргізді. Сапар қорытындысы бойынша жұмысты одан әрі жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар берілді.
Мұндай сапарлар медициналық ұйымдарға практикалық әдістемелік қолдау көрсетуге және жергілікті жерлерде АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.