ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

8 сәуір күні Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Шипагер» клиникасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша акция өткізді.
Іс-шара аясында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, оның барысында АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша өзекті тақырыптар қарастырылды. Кездесу белсенді форматта өтіп, қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты.
Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер үшін АИТВ-ға қан алу ұйымдастырылды. Клиника пациенттерімен АИТВ-жұқпасының алдын алу, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде әңгімелер жүргізілді.
Осындай акциялар медицина қызметкерлері мен халық арасында ақпараттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбын ашық әрі түсінікті етуге ықпал етеді.