Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
17 сәуiр 2026 жыл, жұма
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

Пайдалы сілтеулер

Шүлбі кентіне мониторингтік сапар

7 сәуір күні Абай облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мониторингтік тобы құрамында емдеу-алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі Мамырбекова Н.Р. және дәрігер-эпидемиолог Потехинская А.В. Шүлбі кентіндегі Облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлімшесіне және Шүлбі кентінің дәрігерлік амбулаториясына мониторингтік сапар жасады.

Сапар барысында медицина қызметкерлеріне АИТВ-жұқпасының алдын алу, халықты тексеруді ұйымдастыру және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау мәселелері бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша мамандар алдағы жұмысқа арналған әдістемелік ұсынымдар берді. Мұндай сапарлар жергілікті жерлерде практикалық ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша кәсіби даярлығын арттыруға ықпал етеді.