ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 30 сәуір айына Абай облысы бойынша 721 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2025 жылдың 02 мамырында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы А.С. Дюсембаева Д.Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің студенттеріне дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы және жастар».
А.Дюсембаева АИТВ-инфекциясы ұғымымен, берілу жолдарымен, АИТВ-инфекциясының пайда болуына әкелетін факторларымен таныстырды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының негізгі профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларымен таныстырды, Республикадағы және Абай ауданындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Студенттерге ақпараттық бейнероликтер ұсынылып, оң қабылданды.
Дәріс барысында және бейнероликтер көрінісінен кейін студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Тыңдаушылар денсаулықтарын сақтауға көмектесетін қажетті білім алды.