ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2025 жылдың 30 сәуір айына Абай облысы бойынша 721 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2025 жылдың 05 мамырында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша облыстық орталығының мамандары «Бородулиха аудандық ауруханасына» ШЖҚ КМК » консультативтік-әдістемелік көмекпен іс-сапармен барды.
Сапардың негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
АИТВ ОО мамандары Турарова Г.Н. және Дюсембаева А.С. аудандық аурухананың АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеру және АИТВ алдын алу іс-шаралары мәселелері бойынша қызметімен танысты.
Консультативті-әдістемелік көмек көрсету барысында медицина қызметкерлеріне оқыту семинарлары өткізілді.
Семинар барысында медицина қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Семинар соңында АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.