ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Адилжанов Асылхан Болатханович
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2026 жылдың 31 қантар айына Семей қаласында 771 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.

4 наурыз күні АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың дәрігері Тукеева Д.Д. «Жас Өмір» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Семей қаласындағы Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс өткізді.
Кездесу барысында АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ уақытылы тестілеудің маңыздылығы туралы айтылды. Студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қауіп-қатер мінез-құлқының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Жастардың АИТВ-жұқпасы туралы дұрыс ақпарат алуы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – инфекцияның алдын алудың маңызды шарттарының бірі», — деп атап өтті Орталық дәрігері Тукеева Д.Д.
Мұндай іс-шаралар жастардың ақпараттану деңгейін арттыруға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.