ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 қазан айына Семей қаласында 697АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,01 %.
2024 жылдың 27 қарашасында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Семей қаласының кітапханасының №12 бөлімшесімен бірлесіп, №27 орта мектептің оқушылары үшін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы және жастар».
Лектор А.С. Дюсембаева оқушыларға АИТВ-инфекциясы ұғымымен таныстырды, берілу жолдарымен, АИТВ-инфекциясының пайда болуына әкелетін факторларымен таныстырды. Маман АИТВ-инфекциясының негізгі профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларымен таныстырды, сонымен қатар жалпы Республикадағы және Абай ауданындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды
Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Тыңдаушылар денсаулықтарын сақтауға көмектесетін қажетті білім алды.