ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА
Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо
Рахметова Раушан Серикжанқызы
Қол жетімді бас дәрігер
Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін
Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 желтоқсан айына Семей қаласында 706 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,16 %.
2024 жылдың 05 мамырында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша облыстық орталығының эпидемиолог-дәрігері А.С. Дюсембаева №36803 әскери бөлімінде жеке құрамға дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы «Әскери қызметкерлер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу».
Эпидемиолог-дәрігер жеке құрамды АИТВ-инфекциясы ұғымымен, бұл инфекцияның қалай жұғатындығымен, АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің негізгі әдістерімен таныстырды, сонымен қатар алдын алу шараларымен таныстырды. Дәрігер ағымдағы жылдың 5 айындағы Республика және облыс бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты.
Қызметкерлер АИТВ-инфекциясын жұқтырмауға және денсаулықты сақтауға көмектесетін қажетті білім алды.