Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
27 шiлде 2024 жыл, сенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 31 мамыр айына Семей қаласында 683 АИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2024 жылдың 23 мамырында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Бескарагай аудандық ауруханасында» медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

            Дәрігер-эпидемиолог Дюсембаева А.С. тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілермен,  Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Абай ауданындағы АИТВ-инфекциясының 30 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.

 Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Тұрарова Ж.Н. халықты тестілеу, оның ішінде жүкті әйелдерді акушерлік ұйымдарға қабылдау кезінде тексеру туралы айтты. ЛИС мәліметтер базасымен жұмыс істеу кезіндегі қателіктерге назар аударды.

Лаборант Н.Мусаипова медицина қызметкерлеріне экспресс-тексеру үшін қан жинау әдісін көрсетті.

Семинар соңында АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар бойынша ұсыныстар берілді.